Сакы Садыков
KG
Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің өкілі
Бас хатшы орынбасарының міндетін атқарушы

1994 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетінің «Журналистика» факультетін бітірді. «Халықаралық қатынастар және баспасөз» тақырыбында дипломдық жұмыс жазды. Журналистік мамандықта (1994-2022 ж.ж.) «Кыргыз руху», «Учкун», «Ыйык милдет», «Эркин Тоо» және басқа да түрлі журналдарда тілшіден бастап бас редакторға дейінгі мамандықтың барлық сатыларынан өтті. Сонымен қатар телеарнада редактор және продюсер болып жұмыс істеді. 2022-2023 жылдары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Спикерінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Халықаралық қатынастарға маманданған журналист ретінде осы саладағы көптеген мақалалар мен мәдени мұраға қатысты кітаптардың авторы.

ТҮРКПА-да Бас хатшы орынбасарының міндетін атқарушы ретінде 2023 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істей бастады.