Өзбекстан Республикасындағы президенттік сайлау
2021 ж. 24 қазан
Өзбекстан

2021 жылдың 24 қазанында ТҮРКПА Халықаралық бақылау миссиясы дауыс беру процесін бақылау үшін Ташкент пен Самарқандтағы бірқатар сайлау учаскелерінде болды. Миссия дауыстарды санауды қадағалап, сайлаушылармен, сайлау учаскелердегі лауазымды тұлғалармен және жергілікті бақылаушылармен сұхбаттасып, дауыс беру процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізді. Бақылаушылар сайлау учаскесінің ашылуын және жабылуын да қадағалады. ОСК алдын ала ақпараты бойынша сайлаушылардың белсенділігі – 80,8% құрады. Бақылау бағдарламасы аясында Миссия мүшелері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.

Келесі күні Миссия өз бақылауының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Миссия басшысы Реджеп Шекер мырза БАҚ өкілдерін ТҮРКПА Миссиясының қызметі туралы хабардар етті. Ол сайлауды басқару органдарының жақсы жабдықталғанын және сайлауды өткізуге кәсіби дайындалғанын атап өтті.

Миссия Өзбекстандағы Президенттік сайлау ұлттық заңнамаға және сайлауды өткізудің халықаралық стандарттарына сәйкес өткендігі жөнінде қорытынды жасады.

Сайлау/референдум жөніндегі мәлімдеме