ТҮРКПА Сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысына қатысты
2022 ж. 10 қараша

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр 2022 жылғы 10 қарашада Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері Кеңесінің тоғызыншы отырысына қатысты. Кездесу ТМҰ 9-шы Саммиті аясында өтті.

Іс-шараға ТМҰ-на мүше мемлекеттердің және байқаушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері мен министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ Түркі ынтымақтастық ұйымдарының басшылары қатысты. Кездесу барысында Түркия тарапы Өзбекстан Республикасына төрағалықты табыстады.

Бас хатшы өз сөзінде Ассамблеяның ағымдағы және болашақ қызметі туралы хабардар етіп, ТҮРКПА Түркі ынтымақтастығының парламенттік өлшемі ретінде өз міндеттерін орындауға бейілділігін растады.

Министрлер мен министрлердің орынбасарлары күн тәртібіндегі тиісті құжаттарды және 11 қарашада Мемлекет басшыларының Саммиті барысында қол қойылатын Саммит декларациясын талқылады.