Ыстамбұлда Түркі ынтымақтастық ұйымдарының үйлестіру кездесуі өтті
2023 ж. 20 қаңтар

2023 жылғы 20 қаңтарда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр бастаған ТҮРКПА делегациясы Ыстамбұлда өткен Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының Үйлестіру комитетінің Үшінші отырысына қатысты. Отырысқа Түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Умиралиев мырза, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Султанбай Раев мырза, Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қорының Президенті Гюнай Афандиева ханым және Халықаралық Түркі академиясының Президенті Шахин Мустафаев мырза қатысты.

Отырысқа қатысушылар 20 қаңтарда шейіттерді бір минут үнсіздікпен еске алып, барлық шейіттердің рухына Құран бағыштады.

Отырыс барысында қатысушылар өз ұйымдарының ағымдағы және жоспарланған қызметі туралы хабардар етіп, ұйымдар арасындағы үйлестіруді күшейту жөнінде ұсыныстар айтты.

Тараптар бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды және бір-бірінің жобаларына белсенді қатысуды талқылап, 2023 жылға арналған бірлескен қызмет жөніндегі іс-қимыл жоспарын келісті.