ТҮРКПА Парламентшілер үшін Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі бірінші Халықаралық конференцияға қатысты
2023 ж. 8 ақпан

2023 жылғы 8-9 ақпанда ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Талғат Адуов Пәкістанның Исламабад қаласында өткен Халықаралық парламентшілер конгресі (ХПК) мен Еуропалық Одақ (ЕО) бірлесіп ұйымдастырған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы тиімді заңнамалық базаның әлеуетін арттыру» тақырыбындағы Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі парламентшілердің бірінші конференциясына қатысты.

Екі күндік конференцияға БҰҰ, ЕО, Парламентаралық Одақ сияқты парламенттік ассамблеялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен академиялық топтардың өкілдері қатысты. Іс-шараға Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Ариф Альви де қатысты.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі парламентшілер конференциясының бірінші отырысында сөз сөйлеген Президент мырза Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі салдарынан болған қайғылы қазаға және материалдық шығынға байланысты көңіл айтып, өзінің терең жанашырлығын білдірді. Сонымен қатар Альви мырза конференция өте маңызды уақытта шақырылғанын, соңғы күндері ел нәтижесінде адам шығыны мен жарақат алынған қатарынан көптеген жол-көлік оқиғаларына тап болғанын атап өтті. Конференция аясында Адуов мырза ХПК Президенті және Пәкістан Сенатының Төрағасы Мұхаммед Садик Санжранимен, ПАО Президенті Дуарте Пачекомен және ХПК Бас хатшысы Ситара Аязбен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.

Конференция аталған мәселе бойынша бес секциялық отырысты қамтыды. Конференция қорытындысы бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі Исламабад декларациясы қабылданды.