Ташкентте «Шуша күндері» өтті
2023 ж. 12 сәуір

2023 жылдың 11-12 сәуірінде Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Шуша қаласын «2023 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жариялауға орай Ташкенттегі Гейдар Әлиев атындағы Әзербайжан мәдени орталығымен бірлесіп, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры ұйымдастырған «Шуша күндері» іс-шарасына қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шараға парламентшілер, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының басшылары, Түркі мемлекеттерінің елшілері, Әзербайжан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының, мәдени және академиялық топтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара ұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің бюстіне, сондай-ақ «Шехидтер мен Жеңіс» ескерткіштер кешеніне гүл шоқтары мен гүлдерді қоюдан басталды. Әрі қарай қонақтарға «Еркін және гүлденген Шуша» атты фотосуреттер мен жарияланымдар көрмесі ұсынылды.

Өзбекстанның Мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбеков, Өзбекстандағы Гейдар Әлиев атындағы Әзербайжан мәдени орталығының директоры Самир Аббасов, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Гүнай Афандиева, Әзербайжан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Гусейн Гулиев, Өзбекстанның Мәдени мұра агенттігінің басшысы Баходир Абдукаримов, сондай-ақ басқа лауазымды тұлғалар сөз сөйледі.

Келесі күні іс-шараға қатысушылар «Турон» Ташкент облыстық Ақпарат және кітапхана орталығына барып, Шушаға арналған бұрышпен танысты, онда Қор сыйға тартқан басылымдар да ұсынылды. Сонымен бірге қонақтар қуғын-сүргін құрбандарына арналған кітапхана мұражайымен танысты.

Іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалай отырып, қатысушылар осындай жобаларды іске асыру үшін барынша күш салуға дайын екендіктерін білдірді. Іс-шара барысында Шушаның бүкіл Түркі әлемінің мәдени және әдеби ортасындағы маңызды рөлі айтылды. Түркі мемлекеттері арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға қанағаттанғандықтарын білдіре отырып, қонақтар Әзербайжан мен Өзбекстан, сондай-ақ жалпы Түркі мемлекеттері арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын қозғады.

Гүнай Афандиева ханым қонақтар мен ұйымдастырушыларға кәдесыйлар табыс етті.

«Шуша күндері» іс-шарасы Гүлнара Халилова әзірлеген әзербайжан ұлттық киімдерінің «Қарабақ» топтамасының тұсаукесерімен жалғасты.

Іс-шара аясында Шушаның мәдениеті, әдебиеті, өнері мен тарихы туралы деректі фильм көрсетіліп, Хуршидбану Натаванның өзбек тіліне аударылған шығармаларының тұсаукесері өтті. Іс-шараның салтанатты бөлігі мерекелік концертпен аяқталды, онда екі елдің халық әртістерінің орындауында тамаша әзербайжан және өзбек әндері мен билері шырқалды.