Бакуде ТҮРКСОЙ мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларының 9-шы отырысы өтті
2023 ж. 7 сәуір

2023 жылғы 7 сәуірде Әзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Әзербайжанның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ), АДА Университеті мен университеттің Даму және дипломатия институты (ДДИ) бірлесіп ұйымдастырған ТҮРКСОЙ мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларының 9-шы отырысы Бакуде өтті. Кездесуге ТҮРКПА Бас хатшысының орынбасары Талғат Адуов пен Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссияның хатшысы Құндыз Рүстембекова қатысты.

Түркі мемлекеттерінің материалдық және материалдық емес мәдени мұраларын қорғау мәселелерін талқылауға арналған іс-шараға министрлер, парламентшілер, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында Әзербайжанның Сыртқы істер министрі, ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Төрағасы Джейхун Байрамовтың бейне үндеуі көрсетіліп, Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисінің депутаты, ТҮРКПА Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау жөніндегі комиссиясының Төрағасы Ахлиман Амирасланов, Әзербайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Мұхтар Бабаев, Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрінің міндетін атқарушы Әділ Керимли, Әзербайжанның бұрынғы Премьер-Министрі, ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының алғашқы Төрағасы Гасан Гасанов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы және Түркияның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Төрағасы Өджал Оғыз сөз сөйледі.

Кездесу барысында Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов та сөз сөйледі. Өз сөзінде Адуов мырза мәдени мұраны қорғау және Түркі мәдениетін жаһандық деңгейде ілгерілету саласындағы ынтымақтастық пен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Ол қатысушыларға ТҮРКПА-ның ағымдағы қызметі туралы, оның ішінде мүше мемлекеттердің мәдени және тарихи құндылықтарды қорғау шараларын ілгерілету үшін пайдалана алатын модельдік заңдарды әзірлеу бойынша хабардар етті. Бас хатшының орынбасары Адуов мырза 2023 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жарияланған Шушадағы мәдени нысандарды қайта құру бойынша жергілікті билік пен халықаралық серіктестердің маңызды жұмысын атап өтті. Кездесуге қатысушылар Шуша қаласын қайта құру, онда өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарды қайтару аймақтағы бейбітшілікке қол жеткізуге басты қадам болатынын атап өтті.

ТҮРКСОЙ мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияларының төрағалығы Түркиядан Әзербайжанға берілді.

Кездесудің жабылу рәсімі 2023 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» Шушада өтіп, қорытынды Декларацияның қабылдануымен аяқталды.

Жаңалықтар хронологиясы
Бакуде ТҮРКСОЙ мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияларының 9-шы отырысы өтті
2023 ж. 7 сәуір
(Бұл беттегі жаңалық)