Анкарада ТМҰ кезектен тыс Саммиті өтті
2023 ж. 16 наурыз

2023 жылғы 16 наурызда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Түркі мемлекеттері ұйымының «Табиғи апаттар – төтенше жағдайларды басқару және гуманитарлық көмек» тақырыбындағы кезектен тыс Саммитіне қатысты. Әзербайжан Республикасының бастамасымен өткен Саммитке Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан, Түркіменстан Республикасының бұрынғы Президенті, Түрікменстан Республикасының Милли Генгеші Халк мәслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Эрсин Татар қатысты.

Кездесуге Бинәлі Йылдырым бастаған ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының басшылары қатысты.

Қатысушылар жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тараптар табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға қарсы күресте күш-жігерді біріктіру мақсатында ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ұлттық органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірдегі ағымдағы сын-қатерлер бойынша консультациялар өткізді.

Анкара декларациясына ТМҰ басшылары Саммиттің қорытынды құжаты ретінде қол қойды.

ТМҰ-ның 10-шы Саммиті Қазақстан Республикасының Түркістан қаласында өтеді.