ТҮРКПА СБМ саяси партиялардың өкілдерімен кездесулер өткізді
2023 ж. 18 наурыз

2023 жылғы 17-18 наурызда ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы Астана мен Алматыда кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысатын саяси партиялардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

Саяси партиялардың лауазымды тұлғалары ТҮРКПА бақылаушыларына өздерінің сайлауалды платформалары мен сайлау науқаны туралы хабардар етті, сондай-ақ 2023 жылғы 19 наурыздағы мерзімінен бұрын парламенттік сайлаудан үміттерімен бөлісті.