ТҮРКПА-ның Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясының алғашқы жиналысы
2015 ж. 2 сәуір – 2015 ж. 3 сәуір
Анкара

Ү.ж. 2 сәуірде Түркия астанасы Анкара қаласында ТүркПА-ның жаңадан құрылған Қоршаған орта және табиғи ресурстар комиссиясының алғашқы жиналысы болып өтті. Оған осы комиссия төрағасы, Әзербайжан Милли Мәжлисінің депутаты Ахлиман Амирасланов төрағалық етті. Жиын ТүркПА елдеріндегі шөлденумен күрес мәселесіне арналып, осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде егжей-тегжейлі әңгіме болды, БҰҰ шөлденумен күрес конвенциясы ережелерінің орындалуы аясындағы жұмыс ауқымы талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша қабылдаған ұсыныстарда мүше елдерде шөлденумен күрес мәдениетін қалыптастыру қажеттігі айтылған.

Жиналысқа Қазақстан Республикасынан Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Шпанов пен сенатор Серік Біләлов қатысты. Өз сөзінде депутат Е.Шпанов Қазақстан Президенті 1996 жылдың 30 сәуірінде мақұлдаған экологиялық қауіпсіздік концепциясының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізі болғанын айтып, елдегі айналаны қорғауға арналған ағымдағы іс-әрекеттер жайлы жан-жақты әңгімеледі.