ТҮРКПА Нури Пашаға арналған еске алу шарасын ұйымдастырды
2024 ж. 3 наурыз

2024 жылғы 3 наурызда ТҮРКПА Бакуда Кавказ Ислам Армиясының Қолбасшысы, «Бакуды Азат етуші» Нури Пашаның мәңгілік өмірден өткеніне 75 жыл толуына арналған еске алу шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараға Түркі мемлекеттерінің депутаттары, елшілері мен дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері, Түркі әлемінің ұлы тұлғасы Нури Пашаның өмірі мен қызметін зерттеген көрнекті ғалым-зерттеушілер, сондай-ақ басқа да тиісті мекемелердің өкілдері қатысты. Іс-шараны ашқан Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр қатысушыларды қарсы алды. Ол бұл іс-шара Нури Пашаның жеке басы мен мұрасы, сондай-ақ оның кезеңіндегі тарихи процестер туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Әзербайжандағы Нури Паша басқарған Кавказ Ислам Армиясының ерлігі туралы айта отырып, Бас хатшы Бакудың азат етілуі күрделі тарихи және саяси кезеңмен тұспа-тұс келгенін және Әзербайжан мемлекеттілігінің тарихында ірі рөл атқарған үлкен маңызы бар оқиға болғаны сөзсіз екенін білдірді. Нури Паша мен Кавказ Ислам Армиясы өздерінің ерік-жігерімен және ерліктерімен жүректерді жаулап алып, Әзербайжан-Түрік бауырластығының тағы бір үлгісі ретінде тарихты еске алу үшін алтын әріптермен ойып жазды. Ол Нури Паша сияқты құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізудің отансүйгіштік пен тегімізге адалдық рухта тәрбиелеумен Түркі әлемінің болашағы үшін жасалған құрбандықтар мен көрсеткен ерлікті мәңгі есте қалдыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бас хатшы 44 күндік Отан Соғысы екі халықтың бауырластығының әлеммен берік байланысын тағы бір рет көрсеткенін және Әзербайжанның жеңісі бүкіл Түркі әлемінің жеңісі болғанын баса айтты. Ол Нури Пашаның, Кавказ Ислам Армиясының шейіттері мен отан үшін жанын қиған барлық ұлдары мен қыздарының рухтары қуанып жатқанына сенім білдірді.

Іс-шара бағдарламасында Нури Пашаның өмірінен алынған тарихи фактілер мен Кавказ Ислам Армиясының қызметі туралы деректі фильмнің көрсетілімі болды.

Бас хатшы Мехмет Сүрея Эр Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчудың іс-шараға қатысушыларға жолдауын оқыды. Топчу мырза ұлттық идеалға ұмтылуымен танымал мәдениет және саясат қайраткері [millî mefkûre], қазіргі Президенттің Бас кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін Түркия Республикасының 63-ші Үкіметінде тәуелсіз Мәдениет және туризм министрі қызметін атқарды.

Іс-шараның модераторы «Шарг» газетінің Бас редакторы, еңбек сіңірген журналист Акиф Ашырлы болды. Мемлекет қайраткері, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Гасан Гасанов, ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Осман Местен, ТҮРКПА Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының мүшесі, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің мүшесі Хикмат Мамедов, ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Филиз Кылыч, ТҮРКПА Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің мүшесі Малахат Ибрагимгызы, Түркия Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джахит Бағджы, академик Недждет Каракөзе, Ұлттық қорғаныс университетінің профессоры Мехман Сүлейманов, Баку мемлекеттік университетінің профессоры Насиман Ягу, Әзербайжан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының кафедра меңгерушісі Фирдовсия Ахмадова, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Тарих институтының бөлім меңгерушісі Камран Исмаилов, Ыстамбұл Сауда университетінің Ректоры Абдулхамит Авшар, академик Минаханым Асадова, академик Тельман Нусратоглу, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Философия және әлеуметтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Фаиг Алакбарлы және Қазіргі заманғы даму одағының төрағасы, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының кафедра меңгерушісі Мүбариз Гоюшлу іс-шарада сөз сөйледі.

Қатысушылар Нури Пашаның өмірі мен қызметі туралы құнды мәліметтер мен тарихи деректермен бөлісіп, ұлы қолбасшы тұсында Кавказ Ислам Армиясының ерліктері мен батырлықтарының тарихи маңызы туралы әңгімеледі.

Іс-шара аясында Акиф Ашырли құрастырған коллекциядан тұратын фотокөрме ұйымдастырылып, онда қатысушылар Нури Пашаның өмірі мен қызметіне қатысты фотосуреттермен және құжаттармен танысты.