АДА университетінде мәдени құндылықтарды қорғау бойынша халықаралық конференция өтті
2022 ж. 8 желтоқсан

2022 жылғы 8 желтоқсанда Әзербайжан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Әзербайжан ИКОМОС Ұлттық комитеті, ИКОМ Әзербайжан ұлттық комитеті және АДА университетінің Даму мен дипломатия институты бірлесіп ұйымдастырған «Мәдени құндылықтарды қорғауға қатысты ЮНЕСКО конвенцияларының рөлі және оларды іске асыруды жақсарту аспектілері» атты Халықаралық конференцияға Бас хатшының орынбасары Наурызбек Арстанбеков пен Комиссия хатшысы Құндыз Рүстембекова қатысты.

Конференцияға дипломатиялық корпустың, мәдени және академиялық топтардың өкілдері, мемлекеттік лауазымды тұлғалар қатысты.

Конференцияда сөз сөйлегендер ЮНЕСКО мен оның конвенциялары шеңберіндегі міндеттерді ұстанудың маңыздылығын және осы тұрғыда Әзербайжанның Қарабақтағы мәдени мұрасын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

Халықаралық конференция аясында түрлі тақырыптар бойынша панельдік сессиялар өтті.

Жаңалықтар хронологиясы
АДА университетінде мәдени құндылықтарды қорғау бойынша халықаралық конференция өтті
2022 ж. 8 желтоқсан
(Бұл беттегі жаңалық)