Сарапшылар тобы «Цифрлық қаржы активтері туралы» модельдік заң жобасын әзірледі
2023 ж. 16 қаңтар

2023 жылғы 16 қаңтарда «Цифрлық қаржы активтері туралы» модельдік заң жобасын әзірлеу жөніндегі сарапшылар тобы өздерінің үшінші онлайн-отырысын өткізді. «Цифрлық қаржы активтері туралы» модельдік заң жобасы ТҮРКПА-ның 2023-2028 жылдарға арналған Стратегиялық Жол Картасына сәйкес Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия шеңберінде әзірленді.

Отырыстың ашылуында Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов мырза сөз сөйледі. Өз сөзінде Адуов мырза Түркі Әлеміндегі интеграциялық процестерге жәрдемдесу үшін ТҮРКПА аймағында ортақ құқықтық кеңістікті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Мүше елдер мен Хатшылық өкілдерінен тұратын Сарапшылар тобы модельдік заң жобасын әзірлеу бойынша үш онлайн-отырыс өткізді. Модераторы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның хатшысы Бауыржан Датқаев мырза болған осы отырыстардың барысында сарапшылар аталған мәселе бойынша өздерінің сындарлы ұсыныстарын енгізді. Топ өзінің үшінші отырысында 2023 жылғы 27 қаңтарда Астанада өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысында қарау үшін құжаттың жобасын пысықтап бітірді.