ТМД ПАА ДДМХИ Баку филиалының делегациясы ТҮРКПА Хатшылығына келді
2023 ж. 21 ақпан

2023 жылғы 21 ақпанда ТМД ПАА Бас хатшысының орынбасары Айдын Джафаров бастаған ТМД ПАА-ға мүше мемлекеттердің Демократияның дамуын, парламентаризмді және азаматтардың сайлау құқықтарын қорғауды мониторингілеу жөніндегі халықаралық институты Баку филиалының делегациясы (ТМД ПАА ДДМХИ) Хатшылыққа келіп, дипломатиялық персоналмен кездесті.

Джафаров мырза Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандарға көңіл айтты және жарақаттанғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр Джафаров мырзаға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Джафаров мырза ТМД ПАА екі ұйымның ынтымақтастығына ерекше мән беретінін атап өтті.

Сондай-ақ ол ТМД ПАА ДДМХИ Баку филиалының жаңадан тағайындалған Директоры Рамиль Рзаевты таныстырды. Өз кезегінде Рзаев мырза Баку филиалының ТҮРКПА-мен тығыз ынтымақтастыққа ниетті екенін білдірді.

Тараптар тәжірибе алмасу және ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.