ТҮРКПА ҚҚ Парламенттік Желісінің 3-ші конференциясына қатысты
2024 ж. 25 наурыз

2023 жылғы 25 наурызда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мен Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулықты сақтау комиссиясының хатшысы Айнура Абуталибова Швейцарияның Женева қаласында өткен Қосылмау Қозғалысының Парламенттік Желісінің (ҚҚ ПЖ) үшінші конференциясына қатысты.

Іс-шара Парламентаралық одақтың (ПАО) 148-ші Ассамблеясы аясында «Климаттың өзгеруіне қарсы күресте парламенттік әрекетті жандандыру» тақырыбы бойынша өтті. ҚҚ ПЖ және Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сагиба Гафарованың төрағалығымен өткен отырысқа мүше парламенттер мен халықаралық ұйымдардан 53 делегация қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Парламент басшысы Желі өз қатарын жаңа мүшелермен толықтыруды жалғастырып жатқанын атап өтті. Ол Парламенттік Желі ҚҚ мүше мемлекеттер парламенттерінің жартысынан көбін құрайтынын және бұл ҚҚ ПЖ-нің ҚҚ құндылықтары мен қағидаттарын ілгерілету жөніндегі міндеттемесін және мүше парламенттер арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын көрсеткеніне баса назар аударды.

Іс-шара мүше парламенттер делегациялары мен серіктес ұйымдар басшыларының мәлімдемелері мен пікір алмасуларымен жалғасты. Қатысушылар климаттың өзгеруіне байланысты проблемаларға бағытталған парламенттік қызметті маңызды қадам ретінде білдірді.

Конференцияда Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр де сөз сөйледі. Бас хатшы конференция жаһандық парламенттік дипломатия жолындағы көпжақты қарым-қатынастарды кеңейтумен қатар ұйымның беделін одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Ол конференция өзекті және маңызды жаһандық мәселеге арналғанын атап өтті. Оның салдарымен күресу үшін келісілген шараларды қабылдауды талап ететін климаттың өзгеруінің жаһандық сипатына тоқтала келе, ол ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттер осы күш-жігерге қосылатын елдер ретінде ынтымақтастық үдерісінде экологиялық проблемаларды шешу мәселелеріне ТҮРКПА шеңберінде кең орын бергенін айтты. Бас хатшы ТҮРКПА мен ҚҚ ПЖ арасындағы қалыптасқан ынтымақтастыққа тоқталып, осы тұрғыда екі ұйым арасындағы соңғы жылдардағы байланыстар ынтымақтастықты сапалы жаңа кезеңге өтуге жақындатқанын атап өтті.

Конференция барысында ТҮРКПА-ға ҚҚ ПЖ-де бақылаушы мәртебесі берілді.

Іс-шара Женева декларациясының қабылдануымен аяқталды.

ПАО 148-ші Ассамблеясы аясында ПАО мен ҚҚ ПЖ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.