ТҮРКПА ПАО 148-ші Ассамблеясына қатысты
2024 ж. 23 наурыз

Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эр мен Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулықты сақтау комиссиясының хатшысы Айнура Абуталибова 2024 жылғы 23-27 наурыз аралығында Женевада, Швейцарияда өткен Парламентаралық Одақтың (ПАО) 148-ші Ассамблеясының жұмысына және тиісті отырыстарға бақылаушы ретінде қатысты. 148-ші Ассамблеяға 140-тан астам елдің парламентшілері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Осы орайда ПАО-ның барлық жарғылық органдары, соның ішінде Басқарушы Кеңес, тұрақты комитеттер, Парламентшілердің адам құқықтарын қорғау және Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі комитеттері, сондай-ақ Парламентші әйелдер форумы мен Жас парламентшілер форумы жиналды.

Ассамблея ПАО Президенті Тулия Аксонның, ПАО Бас хатшысы Мартин Чунгонгтың сәлемдеме сөздерімен ашылды. Парламент спикерлеріне арналған жоғары деңгейдегі бөлімдерде ТҮРКПА-ға мүше парламенттердің басшылары – Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сагиба Гафарова мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйледі.

Жалпы пікірталас «Парламенттік дипломатия: бейбітшілік пен түсіністік үшін көпір салу» жалпы тақырыбына арналды. Парламентшілер әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Ассамблея төтенше мәселе бойынша және Бейбітшілік және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитеттің «Автономды қару-жарақ жүйелері мен жасанды интеллекттің әлеуметтік және гуманитарлық әсерін жою» әрі Тұрақты даму жөніндегі тұрақты комитеттің «Климаттық әрекет бойынша серіктестік: қолжетімді жасыл энергияға қол жеткізуді ынталандыру және инновацияларды, жауапкершілікті әрі әділеттілікті қамтамасыз ету» деп алған тақырыптық мәселелер бойынша қарарлар қабылдады.

Ассамблея жалпы пікірсайыстың қорытынды құжатын қабылдаумен аяқталды. ПАО 148-ші Ассамблеясының ең жас екі депутаты - Намибиядан Эмма Мутека мен Тайландтан келген Акара Тонгжайсод Ассамблеяның қорытынды декларациясын оқыды.