АӨСШК 6-шы Саммиті өтті
2022 ж. 12 қазан

2022 жылғы 12-13 қазанда Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов АӨСШК-нің 30-жылдығына орай Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Алтыншы Саммитіне қатысты.

Саммитке 11 мүше мемлекет пен үкімет басшылары, министрлер, елшілер, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері бастаған жоғары деңгейдегі делегациялар жиналды.

Саммиттің күн тәртібінде АӨСШК-ті толыққанды аймақтық халықаралық ұйымға айналдыру, АӨСШК Қорын құру, сондай-ақ Кувейтті Ұйымға мүшелікке қабылдау және басқа да мәселелер қарастырылды. Саммит барысында Түркіменстан АӨСШК-ге бақылаушы ретінде қосылды.

Қатысушылар Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көпжақты тәсілдерін дамыту арқылы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстанның АӨСШК құрудағы тарихи және шешуші рөлін ескере отырып, Қазақстан тарапының 2022-2024 жылдарға арналған АӨСШК-ге Қазақстан Республикасының төрағалығын жалғастыру туралы ұсынысы қолдау тапты.

ТҮРКПА 2012 жылдан бері АӨСШК-де бақылаушы мәртебесіне ие.