Friday, 28 January 2022, 05:49:08 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарымен кездесті

2021 жылғы 23 қарашада ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр мырза Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев мырзамен кездесті.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Бас хатшыны ТҮРКПА-ның 13-жылдығымен, сондай-ақ қызметіне кірісуімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Қазақстан төрағалығы кезеңіндегі Ассамблеяның алдағы қызметі туралы пікір алмасты.

Өз кезегінде, Бас хатшы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркі ынтымақтастық ұйымдары ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары өткен кезеңдегі ТҮРКПА-ның елеулі жетістіктеріне тоқталып, Қазақстанның алдағы уақытта да Ассамблея қызметіне толық қолдау көрсететініне баса назар аударды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар