Wednesday, 01 December 2021, 13:26:08 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Парламент спикерлерінің бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысты

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов 2021 жылғы 6-8 қыркүйекте Вена қаласында өткен Парламент спикерлерінің бесінші Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Конференцияны Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп Парламентаралық Одақ (ПАО) пен Австрия Парламенті ұйымдастырды.

Екі күндік конференция «Адамдар мен планета үшін бейбітшілік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ететін тиімді көпжақты парламенттік көшбасшылық» тақырыбымен өтті. Іс-шараға әлемнің түрлі өңірлерінен келген парламент спикерлері, соның ішінде ТҮРКПА мүше парламент басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар COVID-19 пандемиясымен күрес, пандемиядан кейінгі үміт пен қалпына келтіру, жалған ақпаратқа қарсы тұру, климаттың өзгеруіне байланысты шұғыл шаралар, жастардың саясатқа қатысуы және гендерлік теңдік сияқты жаһандық мәселелер бойынша халықаралық парламенттік ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Конференция аясында Бас хатшы өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылау үшін парламенттік делегациялардың мүшелерімен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулер өткізді.

Конференция жоғары деңгейдегі декларацияны қабылдаумен аяқталды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы