Monday, 17 January 2022, 02:29:51 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы «Түркістан - түркі әлемінің бесігі» жастар саммитінде сөз сөйледі

2021 жылы 22 маусымда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» тақырыбында өткен Жастар саммитінің жалпы отырысында онлайн форматта сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған осы іс-шараға түркітілдес елдердің жас көшбасшылары мен белсенділері жиналды.

Саммиттің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев мырза, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ханым, сондай-ақ түркі ынтымақтастық ұйымдарының басшылары сөз сөйледі.

Мәулен Әшімбаев мырза Түркістанның түркі әлемі тарихындағы ерекше рөлін атап өтті. Ол түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастыққа жастардың қатысуының маңыздылығына тоқталып, ғылым мен техника дәуірінде бұл процестерде ұлы өркениеттің ұрпақтары мен өкілдері ретінде жастарға ерекше жауапкершілік жүктелетіндігіне назар аударды.

Өз сөзінде Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза Түркістан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның қамқорлығы мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Түркі мұрасы мен мәдениетін ілгерілету мен жаһанға паш етудегі жігерінің арқасында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Ол ТүркПА жастардың шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына ерекше мән беретіндігін айтып, жастардың мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы рөліне баса назар аударды.

ТҮРКПА-ның Кезекті Төрағалығы
ТҮРКПА-ның іс басындағы Төрағасы
Хабарландырулар