Saturday, 17 April 2021, 01:21:27 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы инаугурация рәсіміне және халықаралық ұйымдар басшыларының Қырғызстан Президентімен бірлескен отырысына қатысты

2021 жылғы 28 қаңтарда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза Бішкекте өткен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты инаугурация рәсіміне қатысты.

Сол күні Бас хатшы халықаралық ұйымдар басшыларының Қырғыз Республикасының Президентімен бірлескен отырысына қатысты.

Қырғызстан Президенті бұл елдің халықаралық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта беретіндігін қуаттады. Ол Қырғыз Республикасы екіжақты және көпжақты келісімдерге сәйкес барлық халықаралық міндеттемелерді орындады және орындайтынын атап өтті.

Президент түркі ынтымақтастық ұйымдарымен жемісті және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдіріп, елдің мүше мемлекеттермен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үлес қосу ниетін білдірді.

Халықаралық ұйымдардың басшылары Елбасын ресми ұлықтауымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.