Saturday, 17 April 2021, 00:12:12 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы GUAM PA (ГУАМ ПА)-ның 13-сессиясында сөз сөйледі

2021 жылы 10 ақпанда Бас хатшы Алтынбек Мамаюусупов GUAM Парламенттік Ассамблеясының онлайн-форматта өткен 13-сессиясында сөз сөйледі.

Аталмыш іс-шараға GUAM PA ұлттық делегациялары, сондай-ақ басқа аймақтық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде - жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы мүше елдердің ынтымақтастығы, COVID-19 пандемиясына жауап беру және оның жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдары, мүше елдердегі қақтығыстарды шешудің қазіргі жағдайы мен перспективалары, парламентаралық өзара іс-қимыл, GUAM негізгі экономикалық жобаларын және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ілгерілету.

Бас хатшы өз сөзінде қатысушыларды Ассамблея қызметі туралы, атап айтқанда, пандемия жағдайында мүше елдердің өзара әрекеттестігі туралы хабардар етті. Жаһандық парламенттік диалогты ілгерілетуді ТҮРКПА қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде атай отырып, Мамаюсупов мырза екі Ассамблея арасындағы ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін атап өтті, себебі - бұл өңірлердің көршілігін сипаттайды, бұл бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асырудың қосымша артықшылығын білдіредіб депті.