Saturday, 17 April 2021, 00:49:33 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Түркі ынтымақтастық ұйымдарының басшылары Қырғызстанның Сыртқы істер министрімен кездесті

2021 жылғы 29 қаңтарда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Түркі ынтымақтастығы ұйымдары басшыларының Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев мырзамен бірлескен отырысына қатысты.

Министр Ж.М.Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров мырзаның ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін түркі ынтымақтастық ұйымдарына ризашылығын білдіріп, елдегі болып жатқан саяси ахуал мен процестер туралы хабардар етті. Қазақбаев мырза ұйымдардың түркітілдес елдер арасындағы қатынастарды нығайтудағы белсенді жұмысын жоғары бағалады.

Өз кезегінде ұйымдардың басшылары одан әрі тұрақты даму бағдарламаларын, әлеуметтік және институционалдық реформаларды жүзеге асыруға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Тараптар сонымен бірге түркі ынтымақтастығы ұйымдарының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.