Friday, 07 May 2021, 08:41:17 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Білге Тонюкук монументінің 1300 жылдығына арналған бейнеконференцияға қатысты

Үстіміздегі жылғы 24 сәуірде Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов мырза ЮНЕСКО қамқорлығымен және Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Тонюкук жылының» ресми ашылу салтанатында Білге Тонюкук ескерткішінің 1300 жылдығына арналған халықаралық онлайн-конференцияда сөз сөйледі.

Конференцияның тақырыбы: «Ұлы Дала өркениеті: Тонюкук мұрасы және қазіргі түркі әлемі». Бейнеконференцияға халықаралық ұйымдар мен академиялық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Бас хатшы өз сөзінде жақында Түркі кеңесі мемлекет басшыларының кезектен тыс бейне-саммиті біздің халықтарымыздың арасындағы ынтымақтастық пен келісімді көрсетті. Ұлы Дала өркениетінің әлемдік мәдениетке және ғылымға қосқан зор үлесін атап өтіп, Мамаюсупов мырза Түркі әлемінің тарихи оқиғалары мен көрнекті тұлғаларының мерейтойларын ЮНЕСКО-да атап өту осы үлестің дәлелі екенін атап өтті. Ол Білге Тонюкук ескерткішін түркі халықтарының тарихын, жазба мәдениеті мен әдеби техникасын зерттеудің құнды көзі деп бағалады. Түркі академиясының осы бағыттағы әртүрлі аймақтардағы ғалымдардың ғылыми зерттеулерін үйлестірудегі қызметін жоғары бағалай отырып, Мамаюсупов барлық түркітанушыларды түркі әлемінің мұраларын жан-жақты зерттеуді жалғастыруға шақырды.