Friday, 07 May 2021, 07:53:00 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Шағын және орта бизнес дамыту агенттігінің төрағасымен кездесті

2020 жылғы 3 наурызда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту агенттігінің Басқарма төрағасы Орхан Мамедовпен кездесті.

Бас хатшы Мамедов мырзаны Ассамблеяның құрылымы, мақсаттары мен міндеттері, ағымдағы және болашақтағы қызметі туралы хабардар етті. Агенттіктің жұмысын жоғары бағалай отырып, Мамаюсупов мырза ТҮРКПА-ның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының қызметі туралы және оның 2020 жылы мамырда Қазақстанда өткізілуі жоспарланған сегізінші отырысы туралы қысқаша ақпарат берді.

О.Мамедов Агенттіктің аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып, Комиссия шеңберіндегі бірлескен жұмыстарға дайын екендігін жеткізді.

Тараптар ынтымақтастықтың болашақ перспективалары мен бірлескен қызмет туралы пікір алмасты.

Кездесуде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның хатшысы Қанатбек Құрманбеков да қатысты.