Thursday, 06 May 2021, 14:29:04 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Бас хатшы Түркі академиясының іс-шараларына қатысты

2020 жылғы 30 қаңтарда Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Бакуде өткен Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми Кеңесінің үшінші отырысында қатысып, сөз сөйледі. Отырысқа білім министрлері мен министрлердің орынбасарлары, халықаралық ұйымдар мен академиялық қауымдастық өкілдері қатысты.

Бас хатшы өз сөзінде Түркі академиясының түркі тарихы мен мәдениеті туралы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудағы, сондай-ақ жалпы түркі құндылықтарын бүкіл әлемде насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті. Мамаюсупов мырза екі ұйымның тығыз ынтымақтастығы болашақта одан да жемісті болатынына сенім білдірді.

Төрағалық ету сәтті аяқталғаннан кейін, қырғыз тарабы оны Әзербайжан Республикасының Білім министрлігіне тапсырды.

Дәл сол күні Бас хатшы Баку мемлекеттік университетінде Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған «Абай жылының» ресми ашылу салтанатында сөз сөйледі.

А.Мамаюсупов Абай шығармашылығының қазақ жазба әдебиетіндегі рөлін және түркі әлемінің танымалдылығын арттыруға ерекше назар аударды. Ол Түркі әлемінің ұлы қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті және ТҮРКПА-ның бірлесіп ұйымдастыруымен алдағы 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар туралы хабарлады.