Friday, 07 May 2021, 08:02:06 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2019 жылғы 18 желтоқсанда ТҮРКПА-ның тоғызыншы пленарлық сессиясы аясында Әзербайжан Республикасының Милли Межлисінде ТҮРКПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.

Отырысты Комиссия төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының мүшесі Исмет Учма мырза басқарды және оған мүше елдердің парламентшілері қатысты.

Комиссия ТҮРКПА-ның қайта қарастырылған нормативтік-құқықтық құжаттарын, яғни ТҮРКПА Регламенті мен Хатшылық ережелерін, және ТҮРКПА-ның сайлауға бақылау туралы ереже, сондай-ақ, материалдық емес мәдени мұраны сақтау туралы және туризм туралы екі модельдік заң жобаларын талқылап, оларды тоғызыншы пленарлық сессияға ұсынуын мақұлдады.