Wednesday, 16 October 2019, 18:56:34 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Әйелдер парламентарийлерінің халықаралық конференциясы Баку қаласында ұйымдастырылды

2019 жылғы 14 маусымда Баку қаласында «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі түркі әлемінің әйелдерінің рөлі» тақырыбындағы әйелдер парламентарийлерінің халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны ТҮРКПА және Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисі ұйымдастырды.

Аталмыш Конференцияға ТҮРКПА-ға мүше елдердің парламенттік делегациялары, мүше елдердің елшілері мен дипломатиялық корпусының өкілдері, сондай-ақ Бакуде тіркелген Түрікменстан мен Венгрия, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Әзірбайжанның мемлекеттік органдары және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің вице-спикері Бахар Мурадова, ТҮРКПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Әзербайджандағы Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Хижран Гусейнова ханым қатысты. Сондай-ақ, Конференцияға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова, Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің мүшесі Айнур Алтыбаева ханым, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мүшесі және де ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссия мүшесі Нұрхаят Алтака Кайысоғлу, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұра қорының президенті Гюнай Эфендиева және Әзербайжандағы БҰҰ-ның резидент-үйлестірушісі Гулам М. Исакзай қатысты.

Қатысушыларды құттықтай отырып, Бахар Мұрадова ханым ТҮРКПА-ға мүше елдердің парламентшілері Тұрақты даму мақсаттарына жетуде маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Вице-спикер конференцияның халықаралық және аймақтық проблемаларды талқылауға қатысты маңыздылығын атап өтті.

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов өз сөзінде түркітілдес елдердегі әйелдердің маңызды рөлін атап өтті және түркі халықтарының отбасылық құндылықтарындағы ұқсастықтарға тоқталды. Гендерлік теңдіктің дүние жүзілік күн тәртібіне өзектілігін атап көрсете отырып, А.Мамаюсупов конференцияны гендерлік мәселелерді талқылауға және осы саладағы мүше елдердің ұлттық заңнамаларын жақындату мүмкіндіктерін талқылауға арналған платформа ретінде қарастырды және осы салада жұмыс істейтін басқа ұйымдармен ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді.

Хижран Гусейнова ханым Әзербайжандағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін қолайлы құқықтық және нормативтік база бар екенін және бірінші вице-президент Мехрибан Алиеваның осы салада ерекше рөлін атап өтті.

Ашылу рәсімінен кейін Конференция «Түркітілдес елдерде гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің қосымша мүмкіндіктері: тұрақты даму қадамдары» және «ТҮРКПА-ның платформасы ретінде түркі әлемі әйелдерінің арасындағы диалогты нығайту: Келешекке Көзқарасы» панельдік сессияларымен жалғастырылды. Панельді сессияларды Қырғыз Республикасының қоғам қайраткері Роза Акназарова ханым және Милли Меджлис пен ТҮРКПА әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер бойынша Комиссия мүшесі Севиндж Гусейнова ханым жүргізді. Сессия барысында қатысушылар баяндама жасады және тақырып бойынша пікір алмасты.

Конференция Конференцияның қорытынды құжаты - Баку декларациясын қабылдаумен аяқталды.