Friday, 07 May 2021, 08:20:06 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Анкарада ормандардың табиғи байлығын қорғау және табиғи ресурстарды экологиялық жағынан пайдалану бойынша семинар өтті

2019 жылғы 23-24 қаңтарда ТҮРКПА-ның Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) қолдауымен Анкарада ұйымдастырылған «Ормандардың табиғи байлығын қорғау және табиғи ресурстарды экологиялық жағынан пайдалану» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды. ТҮРКПА қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар жөніндегі Комиссия шеңберінде өткізілген семинардың негізгі мақсаты - Комиссияның күн тәртібіне үлес қосу, атап айтқанда, ТҮРКПА-ға мүше елдердің орман ресурстарын басқару және табиғи ресурстарды экологиялық жағынан пайдалану тәжірибесін ескеруіне ықпал ету.

Семинарға мүше елдердің парламентшілері мен сарапшылары, сондай-ақ Түркияның тиісті мекемелерінің өкілдері, мысалы Орман шаруашылығы, табиғатты қорғау және ұлттық парктер, тау-кен және мұнай мәселелері жөніндегі бас басқармасы қатысты.

Семинар екі сессиядан құрылған. Семинар барысында аталмыш сессияларын Комиссия төрағасы Әhлиман Әмірасланов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисінің Денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы және Комиссия төрағасының орынбасары және ТҰҰМ мүшесі Реджеп Шекер жүргізді. Бірінші сессияның ашылу рәсімінде Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов, сонымен қатар, ТҰҰМ мүшесі, ТҮРКПА-ның құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі Комиссиясының төрағасы Исмет Учма, ТҰҰМ-дағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Мұхаммет Балта және ТҰҰМ Төрағасының орынбасары Мұстафа Шентоп мырзалар сөз сөйледі.

Семинар барысында мүше елдердің сарапшылары мен Түркияның тиісті ведомстволарының өкілдері презентацияларын жасады, сондай-ақ, қатысушы елдердің қазіргі жағдайы, заңнамасы және институционалдық негіздері туралы ақпарат ұсынды және осы мәселе бойынша пікірталас өткізді.

Қорытынды есеп қатысушылардың Бішкекте өтетін Комиссияның бесінші отырысына ұсынылатын семинардың қорытынды құжаты ретінде қабылданды. ТҮРКПА-ға мүше елдер орман шаруашылығын және табиғатты қоршаған орта жағынан пайдалануына үлкен мән беруін ескере отырып, қорытынды есеп саясат пен заңнаманың негіздерін жетілдіру, орман шаруашылығының институционалдық құрылымдары мен әлеуетін күшейту және табиғи ресурстарды орнықты пайдалану қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, табиғи ресурстардың тұрақты басқарылуына мүдделі тараптардың қатысуы, сондай-ақ, ТҮРКПА-ға мүше елдердегі орман және табиғи ресурстарды орнықты пайдалану бойынша семинарлар, форумдар мен басқа да іс-шаралар өткізу қажеттілігін атап өтті.

Бағдарламаның іс жүзіндегі бөлігі ретінде қатысушылар «Табиғи тарих» минералды зерттеулер мен барлау Табиғи тарих мұражайына, Түркияның тұқым гендері банкіне, Суқұқсу ұлттық паркіне, «Трона» тау-кен комбинатына және Қазан Сода электрикалық зауытына келіп кетті.