Friday, 07 May 2021, 07:31:50 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Пленарлық отырыс қарсаңында екі жақты кездесулер өтті

2018 жылдың 20-21 қарашасында Измирде өтетін ТҮРКПА сегізінші пленарлық отырысы қарсаңында делегация басшылары екі жақты кездесулер өткізді.

2018 жылдың 20 қарашада өткен Ассамблея Кеңесінің сегізінші мәжілісінен кейін Бинали Йылдырым мырза Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикері, ТҮРКПА қазіргі төрағасы Венгрияның Ұлттық жиналысының спикері Ласло Кёвермен кездесті.

Венгрияның Ұлттық жиналысы 2014 жылы ТҮРКПА бақылаушысы мәртебесіне ие болды.

* * *

Сол күні Бинали Йылдырым мырза мен Дастанбек Жұмабеков мырза Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы екі жақты және кеңейтілген кездесулер өткізді.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы пікір алмасты және елдер арасындағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады.

Кездесу соңында Джумабеков мырза Йылдырым мырзаны Қырғызстан Республикасына ресми сапармен шақырды.

* * *

Сонымен қатар 21 қарашада Дастанбек Жұмабеков мырза Ласло Кевермен кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасындағы екі жақты және парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

2018 жылдың 3-6 қазанында Бішкекте өткен ЕҚЫҰ ПА күзгі сессиясына белсенді қатысқаны үшін Венгрия парламентіне алғыс білдіре отырып, Жұмабеков мырза елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Жұмабеков мырза Кевер мырзаны ресми сапармен Қырғызстан Республикасына шақырды.

Өз кезегінде Кевер мырза елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға шақырғаны және олардан рахат алғаны үшін алғысын білдірді. Кевер мырза парламентаралық достық топтарының парламентаралық байланыстар мен екі жақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес туралы пікірталастар өткізді.