Sunday, 15 September 2019, 17:56:08 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

ТҮРКПА Хатшылығында Шыңғыс Айтматовтың достары жиналды

2018 жылғы 15 мамырда ТҮРКПА хатшылығы Әзірбайжан жазушылар одағымен бірге белгілі қырғыз жазушысы және ойшылы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға парламентшілер, дипломатиялық корпустың өкілдері, атақты жазушылар және Шыңғыс Айтматовты оның тірі күнінде білетін басқа да қоғам қайраткерлері жиналды. Хатшылық ұйымдастырған фотокөрмеден кейін, іс-шараны Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов ашты, одан кейін Әзірбайжан Жазушылар одағының төрағасы Анар Рзаев сөз сөйледі. Іс-шараның маңыздылығына тоқтала отырып, Бас хатшы Чингиз Айтматовтың бұрынғы Совет республикаларының аумағында тұратын барлық халықтарының ең сүйікті жазушысы аталып, ең құрметті атақтармен марапатталып, Әзірбайжанның үлкен досы болғанын мәлемдеді, және оның жұмыстары 76 тілге аударылды, деп айтты.

М. Мамайусупов сондай-ақ, Чингиз Айтматовтың Әзірбайжанда өткен көптеген халықаралық форумдардың құрметті қонағы болып және Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, Әзірбайжан президентінің басшылығымен жүзеге асырылған жұмыстарды бірнеше рет түркі тілдес мемлекеттердің әлемінде үлкен жетістігі деп бағалағанын хабардар етті. Қырғыз мәдениетінің жетістіктері туралы айта келе, Анар Рзаев Шыңғыс Айтматовты осы мәдениет арқылы әлемге ең жоғары құндылықтардың бірі деп бағалады. Рзаев мырза қоғамдардың моральдық-этикалық құндылықтарына үлкен әсерін тигізген Шыңғыс Айтматовтың ең танымал шығармаларын атап өтті. Содан кейін іс-шара Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен әдеби мұрасы туралы бейнефильм көрсетуімен жалғасты. Іс-шара барысында Әзірбайжан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Бақыт Юсупов, Әзірбайжан Милли Меджлисінің мүшесі және Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Иса Хабибайлы, Түркі мәдениеті мен мұра қорының президенті Гюнай Эфендиева, Түркияның Әзербайжандағы елшісі Эркан Озорал, Милли Меджлисінің мүшесі жіне Әзірбайжан-Қырғызстан парламентаралық достық тобының төрағасы Мұса Гулиев және Әзірбайжан ақыны, филолог Сәбір Рустамханлы және басқа қонақтар сөз сөйледі. Шыңғыс Айтматовтың ұлы Аскар Айтматов мырза әкесі туралы құрмет көрсеткен үшін ризашылығын білдіріп, іс-шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Айтматов мырза әкесі туралы әртүрлі кезеңдерге қатысты естеліктерімен бөлісті. Іс-шараның соңында Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтың атына Шыңғыс Айтматовтың құрметіне арналған Баку көшелерінің біріне оның есімін беру туралы ұсыныспен қатысушылардың атынан өтініш жасалды.