Saturday, 17 November 2018, 22:12:29 — Baku (UTC+4)
Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы

Жаһандық Баку Форумы өз жұмысын бастады

2018 жылы 15 наурызда Әзірбайжан астанасында «Инклюзивті қоғамдарды құрудағы кемшіліктерді жою» атты 6-шы жаһандық Баку форумы өз жұмысын бастады. Форумды Әзірбайжан диаспорасының Мемлекеттік комитеті және Низами Гянджевидің халықаралық орталығы қолдайды және ол форумға 50-дей елдерден, оның ішінде бүгінгі және бұрынғы мемлекеттік үкімет басшылары, белгілі саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары және басқа да белгілі қоғам өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатына Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев және Әзірбайжанның бірінші вице-президенті Мехрибан Алиева қатысты. Форумның ашыду салтанатында Әзірбайжан Елбасы сөз сөйледі. Ашылу салтанаты барысында сондай-ақ Албания Президенті Илир Мета, Македония Президенті Джордж Иванов, Молдова президенті Игорь Додон, Босния және Герцеговина Президенті Младен Иванич, Түркия Премьер-Министрі Бинали Йылдырым, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз, Палестинаның Вице-Премьері Зиад Абу Амр, Босния және ГерцеговинаҮүкімет басшысының орынбасары Мирко Сарович және Румынияның Вице-Премьері Ана Бирчал сөз сөйледі.

Форум аясында Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті. Тараптар екі мекеменің ынтымақтастығының болашағы туралы, сондай-ақ 2014 жылғы ТҮРКПА мен Түркі Академиясының арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында пікір алмасты.