Бас хатшы Анкарада кездесулерін өткізді
2018 жылғы 21 ақпанда Анкараға жасаған сапары аясында Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов Түркияның Ұлы Ұлттық Ассамблеясының (GNAT) мүшесі, ТүркПА-ның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі Комиссиясының төрағасы Әкмем Ердеммен, Түркияның Ұлы Ұлттық Ассамблеясының (GNAT) Бас хатшы Мехмет Али Күмбөзоғлымен, Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру Агенттігінің (TIKA) вице-президенті Мехмет Сюрейя Ермен, Түркі әлемі сәулетшілері мен инженерлері одағының (TDMMB) хатшысы Ильяс Демирчимен кездесті.
Кездесу барысында GNAT Бас хатшысы Күмбөзоғлы және Бас хатшы Мамаюсупов жалпы қызмет мәселелері және парламент мүшелерінің бас хатшылары мен Аппарат Басшылары кездесуін ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.
GNAT мүшесі Эрдем және Бас хатшы Мамаюсупов ТүркПА-ның қызметі туралы консультациялар өткізді, сондай-ақ түркі әлемінің тіліне, алфавитіне және мәдениетіне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты .
TIKA вице-президентімен кездесуінде Бас Хатшы Мамаюсупов ұйымдардың арасындағы тығыз қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті және Ер мырзаға TIKA-ның ТҮРКПА қызметіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Тараптар болашақта бірлескен ынтымақтастық туралы әңгімеледі.
Мамаюсупов TDMMB Бас хатшысы Демирчи мырза атынан оның құрметіне берілген түскі асқа қатысты.