Мажарстанның Елшісі ТҮРКПА Хатшылығына келді
2023 ж. 7 наурыз

2023 жылдың 7 наурызында Мажарстанның Әзербайжан Республикасындағы Елшісі Тамаш Торма мырза Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эрге ізеттілік сапарымен келді.

Бас хатшы Торма мырзаға алғысын білдіріп, оны Елші қызметіне кірісуімен құттықтап, болашақ қызметіне табыс тіледі.

Бас хатшы Ассамблея аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша мәлімет берді. Тараптар ТҮРКПА қамқорлығымен мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі және одан әрі дамуы туралы пікір алмасты.