Әзербайжан Парламенті Төрайымы Түркі мемлекеттері парламенттерінің халықаралық істер жөніндегі комитеттері төрағаларының отырысына қатысушыларды қабылдады
2024 ж. 25 сәуір

2024 жылғы 25 сәуірде Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сагиба Гафарова Түркі мемлекеттері парламенттерінің халықаралық істер жөніндегі комитеттері төрағаларының отырысына қатысушыларды қабылдады.

Қонақтарды қарсы алған Парламент басшысы Әзербайжан Республикасы Президентінің бастамасымен өтіп жатқан кездесу нәтижелі талқылауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Кездесу барысында Милли Меджлис Төрайымы Түркі мемлекеттері ұйымы мен ТҮРКПА-ның Түркі мемлекеттерінің көпжақты ынтымақтастық тетіктері ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ол аймақта және жаһандық деңгейде болып жатқан үдерістер мен сын-қатерлер бауырлас Түркі мемлекеттері парламенттерінің сыртқы істер жөніндегі комитеттерінің бірлескен жұмысын күшейтуді қажеттендіретінін атап өтті.

Кездесу барысында Түркі ынтымақтастығы мен өңірде болып жатқан үдерістер жөнінде пікір алмасу болды.

Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Халықаралық және парламентаралық байланыстар комитетінің төрағасы Самад Сейидов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Айдос Сарым, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Лейла Лурова, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысы Халықаралық істер комитетінің төрағасы Фуат Октай, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы Халықаралық істер және парламентаралық байланыстар комитетінің төрайымы Дилором Фавзиева, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Ассамблеясының Құқық, саяси мәселелер және халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің төрайымы Ясемин Өзтүрк, ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр және басқа да ресми тұлғалар кездесуге қатысты.

Жаңалықтар хронологиясы
Әзербайжан Парламенті Төрайымы Түркі мемлекеттері парламенттерінің халықаралық істер жөніндегі комитеттері төрағаларының отырысына қатысушыларды қабылдады
2024 ж. 25 сәуір
(Бұл беттегі жаңалық)