Жас парламентшілер тобы
 

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) Жас парламентшілер тобы 2019 жылғы 18 желтоқсанда Бакуде өткен ТҮРКПА-ның тоғызыншы пленарлық отырысы барысында 2030 жылға дейінгі Тұрақты Даму Күн тәртібіндегі басты басымдықтардың бірі ретінде жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін дамыту мен кеңейтуге байланысты мәселелер бойынша мүше парламенттер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу мақсатында құрылды.

Топтың күн тәртібі жастардың ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттерде қоғамдағы рөлін күшейту, олардың әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге қатысуы және шешім қабылдау тетіктеріне қатысуы жөніндегі келесі бастамаларды іске асыруға байланысты мәселелерді қамтиды. Топ жас парламентшілердің Ассамблея жұмысына, сондай-ақ жастардың берік желісін құру мақсатында халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуын ынталандыруға тырысады.

Топ ТҮРКПА-ның Іс басындағы Төрағасы өз төрағалығы кезеңінде тағайындайтын Топ жетекшісінен және Тараптар әрбір кездесу үшін арнайы негізде тағайындайтын мүшелерден тұрады.

Топ қабылдаушы елдерде ТҮРКПА пленарлық отырыстары шеңберінде өткізілетін кезекті отырыстарда өздерінің тиісті құжаттарын бекітеді.

Жетекші
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты
Хатшылық
Атқарушы хатшы
+994 12 563 30 05
akif@turkpa.org