ТүркПАның V пленарлық отырысы
2014 ж. 12 маусым – 2014 ж. 13 маусым
Баку

2014 жылғы маусымның 12-13 күндері Әзербайжан астанасы Бакуде Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) бесінші пленарлық отырысы өтті.

Отырысқа Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Асылбек Жээнбеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Жемил Чичек, сонымен қатар ТүркПАдағы мүше парламентарийлары мен Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, ТМДПА, ҚЭЫПА, Түркі әлемі муниципалитеттері бірлестігі және т.б. ұйым жетекшілері де қатысты.

Жиын барысында ассамблеяның төрағалығы Түркия Республикасынан Әзербайжан Республикасына табыс етілді. Сонымен қатар ұйымның іс-қимылын одан әрі өрістету үшін оның комиссияларының жұмысы реформаланып, жаңадан экология және табиғи ресурстар комиссиясы құрылды. ТүркПА-ның 5-ші пленарлық отырысы кезінде Венгрия Республикасы ТүркПА-ға бақылаушы ретінде қабылданды.

ТүркПА 5-ші пленарлық отырысының қорытындысында Баку Декларациясы қабылданды.

Жиын соңында ТүркПА 6-ші пленарлық отырысы 2015 жылы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

Декларация