ТҮРКПА-ның XII пленарлық сессиясы
2023 ж. 28 сәуір
Анкара

Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы ұйымдастырған ТҮРКПА-ның он екінші пленарлық отырысы 2023 жылы 28 сәуірде Анкарада өтті. Пленарлық отырыстың тақырыбы «Әділетті әлем үшін парламенттік дипломатия: энергетика, көші-қон, азық-түлік» болды.

ТҮРКПА-ның Іс басындағы Төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоп кіріспе сөз сөйледі. Мүше парламенттер басшылары – Әзербайжан Республикасы Милли Меджлилісінің Төрайымы Сагиба Гафарова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нурланбек Шакиев, сондай-ақ бақылаушы мәртебесінде Мажарстан Мемлекеттік Ассамблеясы Спикерінің орынбасары Шандор Лежак пен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Ассамблеясының Спикері Зорлу Төре және қонақ ретінде Түркіменстан Мәжілісінің Төрайымы Дуниягозал Гулманова пленарлық отырыста сөз сөйледі. Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева пленарлық отырыста бейне жолдау арқылы сөз сөйледі.

Іс-шараға парламенттік делегациялар, Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасының қоры, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясы (ҚТЭЫ ПА), ИЫҰ мүше мемлекеттердің Парламенттік Одағы (ИЫҰ ПО), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Парламентарийлердің халықаралық конгресі (ПХК), «Манас» қырғыз-түрік университеті, Түркі әлемі муниципалитеттерінің одағы, Түркі әлемінің инженерлері мен сәулетшілерінің одағы сияқты Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының, бақылаушы ұйымдардың және басқа да институттардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне тұрақты комиссиялардың есептері мен ұсынымдарын, «Трансшекаралық жоғары білім туралы», «Цифрлық қаржы активтері туралы» және «Репродуктивтік денсаулықты сақтау туралы» модельдік заңдарды, Ассамблеяның Сайлауды бақылау жөніндегі миссияларының қорытынды есептерін қарау және қабылдау, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың төрағасы мен төраға орынбасарын сайлау кірді. Ассамблеяның Парламентші әйелдер тобы мен Жас парламентшілер тобы пленарлық отырыс барысында өз ұсынымдарын ұсынды.

Он үшінші пленарлық отырысты 2024 жылы Әзербайжанда өткізу туралы шешім қабылданды. Он екінші пленарлық отырыс Анкара декларациясының қабылдануымен аяқталды.

Іс-шарадан кейін баспасөзге арналған брифинг өтіп, оның барысында мүше парламенттердің басшылары он екінші пленарлық отырысты қорытындылады.

Декларация