Бауыржан Датқаев
KZ
Экономикалық әрекеттестік комиссиясының хатшысы
+994 12 563 58 27
datkayev@turkpa.org

Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыс филологиясы факультетін бітірді (2001 ж.), оқу барысында 1998-2000 жылдары Түркияның Конья қаласында орналасқан Сельджук университетінде тағлымдамада болды. Екінші диплом ретінде Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде Халықаралық деңгейдегі экономист мамандығын алды (2004 ж.). Қарағанды «Болашақ» университетін бітіріп (2011 ж.), Құқық магистрі және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тамамдап (2013 ж.), Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі атанды.

Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын зерттеу құрылымдарында ұзақ жылдар бойы түрлі қызметтерді атқарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында 14 жыл қызмет етті. 2021 жылдың маусым айынан бері ТҮРКПА-дағы дипломатиялық құрамның арасында жұмыс істеуде.