Өзбекстан Республикасындағы парламенттiк сайлау
2019 ж. 22 желтоқсан
Өзбекстан

Бас хатшы Алтынбек Мамаюсупов бастаған ТҮРКПА делегациясы және Хатшылығының Бас хатшы орынбасарлары делегациясы Ташкентке Өзбекстандағы парламенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізу үшін келді.

2019 жылғы 20 және 21 желтоқсанда делегация Орталық сайлау комиссиясында және қалалық сайлау комиссиясында кездесулер өткізді, онда оларға елдің сайлау жүйесі мен сайлау әкімшілігін реформалау туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Орталық сайлау комиссиясы мен қалалық сайлау комиссиясының лауазымды тұлғалар қалалық және аудандық (Туман) кеңестеріне сайлау алғаш рет парламенттік сайлаумен қатар өтіп жатқандығы туралы ақпарат берді.

Сайлау күні, 22 желтоқсанда, ТҮРКПА өкілдері Ташкенттің әртүрлі орталық аудандарындағы 15 сайлау учаскесінде болды. Іссапар барысында делегаттар барлық учаскелерде дауыс беру барысын бақылап, сайлау учаскелерінің бірінде дауыстарды санауды қадағалады.

Байқау бағдарламасы аясында ТҮРКПА өкілдері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.