Түркия Республикасындағы президенттік сайлауды және жалпы парламенттік сайлауды
2023 ж. 14 мамыр
Түркия

Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан парламентшілерінен, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдерінен тұратын ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы 2023 жылғы 14 мамырда Түркия Республикасында өткен президенттік сайлау мен жалпы парламенттік сайлауға қысқа мерзімді мониторинг жүргізді. Миссияны Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисі Денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы және ТҮРКПА Қоршаған орта, табиғи ресурстар және денсаулық сақтау комиссиясының Төрағасы Ахлиман Амирасланов басқарды.

Миссия өз бақылау бағдарламасы аясында Түркия Республикасының Жоғарғы сайлау кеңесінің Төрағасы Ахмет Йенермен, сондай-ақ сайлауға қатысқан саяси партиялардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

Миссия сайлау өткізудің құқықтық базасымен, сайлау жүйесімен және сайлау заңнамасындағы соңғы өзгерістермен танысты.

Сайлау күні Миссия Анкарадағы сайлау учаскелеріне барып, сайлау учаскелерін ашудан бастап дауыстарды санауға дейінгі барлық кезеңдерде дауыс беру процесін қадағалады. ТҮРКПА бақылаушылары дауыс беру барысын бақылап, сайлаушылармен, жергілікті бақылаушылармен және сайлау учаскелерінің лауазымды тұлғаларымен әңгімелесті.

15 мамырда Миссия өзінің бақылауының алдын-ала нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Миссия барған сайлау учаскелеріндегі жалпы дауыс беру процесін оң бағалап, оны жақсы ұйымдастырылған және ашық деп сипаттады. Барған сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға тәуелсіз қол жетімділігі үшін жарамды деп танылды. Миссия сайлау учаскелерінде жергілікті бақылаушылардың болуын атап өтіп, сайлау процесінің ашықтығына жағымды әсер етті деп атады.

Миссия сайлаудың бәсекелестік және плюралистік ортада, сайлаушылардың көп қатысуымен және саяси партиялардың белсенді қатысуымен өткенін атап өтті.

Миссия жер сілкінісі салдарынан қоныс аударған сайлаушылардың сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін қабылданған шараларды жоғары бағалады.

Миссия 2023 жылдың 14 мамырында өткен Түркия Республикасындағы президенттік сайлау мен жалпы парламенттік сайлау Түркия Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкес өткізілді деген қорытындыға келді.

Сайлау/референдум жөніндегі мәлімдеме