Қырғыз Республикасындағы кезектен тыс президент сайлауы мен референдум
2021 ж. 10 қаңтар
Қырғызстан

2021 жылғы 8-11 қаңтар аралығында ТҮРКПА Халықаралық байқау миссиясы Қырғыз Республикасындағы кезектен тыс президент сайлауы мен референдумына қысқа мерзімді мониторинг жүргізді. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) мүшесі, ТҮРКПА-ның қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Реджеп ШЕКЕР мырза бастаған миссияға Әзербайжан Республикасы мен Түркия Республикасының парламент мүшелері , сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының дипломатиялық қызметкерлері кірді.

Миссия Президенттің міндетін атқарушы, Жогорку Кенештің Төрағасы Талант Мамытов мырзамен, ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова ханыммен және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев мырзамен кездесті.

Жогорку Кенештің Төрағасы Талант Мамытов мырза ТҮРКПА-ның Байқаушылар Миссиясының Қырғызстандағы сайлауға белсенді қатысуын жоғары бағалады және парламентшілердің бұл бағыттағы қызметінің маңыздылығын атап өтті. Руслан Қазақбаев мырза бақылаушыларды осы сайлаудағы халықаралық бақылаушылардың қызметі туралы хабардар етті және Қырғызстан үкіметі мемлекеттік органдардың реформалары мен тиімділігі үшін қырғыздардың сенімі қажеттілігін толық сезінетінін атап өтті.

Осы кездесулер барысында Миссияға Президент сайлауы мен референдумға дайындық бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат берілді.

Миссия мүшелері Президенттік сайлауға қатысатын кандидаттармен кездесулер өткізді. Олар байқаушыларға өздерінің сайлауалды тұғырнамалары, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары және 10 қаңтардағы сайлаудан күтетіндері туралы ақпарат берді.

Миссияның басшысы Реджеп Шекер мырза Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Талант Мамытовпен халықаралық байқаушылар миссиялары басшыларының бірлескен отырысына қатысты.

Дауыс беру күні Миссия сайлау учаскелерінің ашылуынан бастап дауыстарды санауға дейінгі барлық кезеңдерде дауыс беру процесін бақылап, ел астанасы Бішкектегі бірқатар сайлау учаскелерінде болды. Миссияның дауыстардың берілуін бақылауға, сайлаушылармен, сайлау учаскелерінің лауазымды адамдарымен және жергілікті бақылаушылармен сөйлесуге мүмкіндігі болды.

11 қаңтарда Миссия өзінің бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы баспасөз конференциясын өткізіп, 10 қаңтарда өткен президенттік сайлау мен референдум демократиялық және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкес өтті деп қорытындылады.

Сайлау/референдум жөніндегі мәлімдеме