Қырғыз Республикасындағы Парламенттік сайлауды
2021 ж. 28 қараша
Қырғызстан

2021 жылғы 28 қарашада құрамына Әзербайжан, Қазақстан және Түркия депутаттары, сондай-ақ ТҮРКПА Хатшылығының өкілдері кірген ТҮРКПА Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы Бішкектегі дауыс беру процесіне мониторинг жүргізді.

Дауыс беру күні Миссия бірқатар сайлау учаскелеріне барып, сайлаушылармен, сайлау учаскелерінің лауазымды адамдарымен және жергілікті бақылаушылармен сөйлесіп, сайлау учаскелерінің ашылуынан бастап, дауыстарды санауға дейін дауыс беру процесінің барлық кезеңдерін бақылады. ТҮРКПА бақылаушылары байқау жұмыстары аясында жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Келесі күні Миссия бақылаудың алдын-ала нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Миссия басшысы Реджеп Шекер мырза Миссияның бақылау бағдарламасы жөнінде хабардар етті.

Миссия Қырғыз Республикасындағы сайлауға байланысты маңызды өзгерістерге баса назар аударды. Парламенттік сайлаудың жалпы тыныш жағдайда өткенін атап өтіп, Миссия сайлауды басқару органдарының барлық сайлау процесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, төменгі деңгейдегі комиссиялар мен құқық қорғау органдарын даярлау, сондай-ақ сайлау процесінде COVID-19 алдын-алу шараларына қатысты жұмысына оң баға берді.

Миссия 2021 жылғы 28 қарашада Қырғыз Республикасындағы Парламенттік сайлау ұлттық заңнамаға және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкес өтті деген қорытындыға келді.

Сайлау/референдум жөніндегі мәлімдеме