Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президенттік сайлау
2022 ж. 20 қараша
Қазақстан

2022 жылғы 20 қарашада ТҮРКПА-ның Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы дауыс беру процесін бақылау үшін Астана мен Алматыдағы бірқатар сайлау учаскелеріне барды. Миссия сайлау учаскелерін ашудан бастап дауыстарды санауға дейінгі барлық кезеңдерде дауыс беру процесін бақылады. Миссия дауыс беру барысын бақылап, сайлаушылармен, сайлау учаскелерінің шенеуніктерімен және жергілікті бақылаушылармен сөйлесті. Миссия мүшелері өздерінің бақылау бағдарламасы аясында жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді.

Келесі күні Миссия Астана және Алматы қалаларында өз бақылауының алдын ала нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізді және Қазақстан Республикасында кезектен тыс президенттік сайлау ұлттық заңнамаға және халықаралық сайлау стандарттарына сәйкес өтті деген қорытындыға келді.

21 қарашада Алматыдағы ТҮРКПА СБМ мүшелері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де болып, ректор Жансейіт Түймебаевпен кездесті. Делегацияға университеттің қызметі туралы ақпарат берілді.

Сайлау/референдум жөніндегі мәлімдеме