Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс парламенттiк сайлау
2023 ж. 19 наурыз
Қазақстан

Сайлау күні, 2023 жылғы 19 наурызда ТҮРКПА-ның Сайлауды бақылау жөніндегі миссиясы (СБМ) жергілікті жерлерде дауыс беру процесін бақылау үшін Астана мен Алматыдағы бірқатар сайлау учаскелеріне барды. СБМ сайлау учаскелерін ашудан бастап дауыстарды санауға дейінгі барлық кезеңдерде дауыс беру процесін қадағалады. СБМ мүшелері дауыс беру барысын бақылап, сайлаушылармен, сайлау учаскелерінің шенеуніктерімен және жергілікті бақылаушылармен сұхбаттасты және жергілікті және шетелдік БАҚ-қа сұхбат берді.

Миссия 20 наурызда бақылаудың алдын-ала нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Миссия басшысы, Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты Режеп Шекер Миссияның бақылау жұмыстары туралы хабарлады.

Миссия Қазақстандағы сайлауға байланысты жүйедегі елеулі өзгерістер туралы айтты. СБМ Мәжіліс депутаттарының жаңа сайлау жүйесі тәуелсіз кандидаттарға бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайлануға мүмкіндік бергенін және мажоритарлық компонент арқылы өңірлердің өкілдігін және пропорционалды компонент арқылы әлеуметтік топтарды қамтамасыз еткенін атап өтті. Әйелдердің, жастардың және мүгедектердің өкілдігі үшін квоталарға байланысты нормативтік-құқықтық базаға қатысты Миссия осы квота олардың сайлау процесіне және елдің саяси өміріне кеңінен қатысуын көздейтінін білдірді.

Миссия сайлау әкімшілігі органдарының сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысына оң баға берді.

Миссия 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасында кезектен тыс парламенттік сайлау Қазақстанның ұлттық заңнамасына және сайлауды өткізудің халықаралық стандарттарына сәйкес өткізілді деген қорытындыға келді.

Сайлау/референдум жөніндегі мәлімдеме