Хатшылыққа ТМҰ өкілдігінің Атқарушы директоры келді
2022 ж. 22 қыркүйек

2022 жылғы 22 қыркүйекте Түркі мемлекеттері ұйымының Мажарстандағы өкілдігінің Атқарушы директоры, Елші Янош Ховари ТҮРКПА Хатшылығына келіп, Бас хатшы Мехмет Сүрейя Эрмен кездесті.

Тараптар алдағы жобалар мен іс-шараларды, сондай-ақ өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады.