Әзербайжан СІМ Гянджаға сапар ұйымдастырды
2022 ж. 17 қазан

2022 жылғы 17 қазанда Бас хатшының орынбасары Наурызбек Арстанбеков Отан соғысы кезінде армян қарулы күштерінің Гянджаға зымырандық шабуылдарының құрбандарын еске алудың екі жылдығына орай Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық корпус, шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдері үшін Гянджа қаласына ұйымдастырған сапарға қатысты.

Еске алу шарасына қатысушылар Гянджа мемориалдық кешенінде болып, құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Олар адамдардың қаза болуына, жарақат алуына және қала инфрақұрылымына зиян келтірген шабуылдардың салдары туралы хабардар болды.