ТҮРКПА "Қазақ прозасы" антологиясының таныстырылымына қатысты
2022 ж. 19 қазан

2022 жылғы 19 қазанда Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов пен Комиссия хатшысы Бауыржан Датқаев жазушы және аудармашы Нариман Абдулрахманлы әзербайжан тіліне аударып, құрастырған "Қазақ прозасы" антологиясының таныстырылымына қатысты. Дипломатиялық корпус пен академиялық орта өкілдерінің басын қосқан іс-шара Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігімен ұйымдастырылып, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30-жылдығына арналды.