ТҮРКПА «Бизнес және адам құқықтары саласындағы Омбудсмендер мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың рөлі» атты конференцияға қатысты
2022 ж. 19 қазан

2022 жылғы 19-20 қазанда Бас хатшының орынбасары Фуад Алакбаров Әзербайжан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі (Омбудсмен) Басқармасының 20-жылдығына арналған «Бизнес және адам құқықтары саласындағы Омбудсмендер мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың (АҚҰИ) рөлі» атты Баку халықаралық конференциясына қатысты.

Конференцияның мақсаты – бизнес және адам құқықтары саласындағы өзекті тенденциялар мен сын-қатерлерді талқылау және озық тәжірибемен бөлісу. Іс-шараға Түркі мемлекеттерінің және басқа да елдердің Омбудсмен институттары мен АҚҰИ, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

Екі күндік конференцияның сессиялары барысындағы пікірталастар экономикалық және әлеуметтік құқықтарды қорғаудағы омбудсмендер мен АҚҰИ рөлі, ағымдағы бастамалар, бизнес пен адам құқықтары жөніндегі БҰҰ басшылық қағидаттарын іске асырудағы мүмкіндіктер мен міндеттер, мониторинг және бизнес кәсіпорындардың адам құқықтарын бұзуы туралы шағымдарды қабылдау, халықаралық және аймақтық адам құқықтары тетіктерімен өзара әрекеттесу, сондай-ақ бизнес пен адам құқықтары бойынша АҚҰИ және азаматтық қоғам ұйымдарының рөлі бағытында болды.

Жаңалықтар хронологиясы
ТҮРКПА «Бизнес және адам құқықтары саласындағы Омбудсмендер мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың рөлі» атты конференцияға қатысты
2022 ж. 19 қазан
(Бұл беттегі жаңалық)