ТҮРКПА "Қырғызстан Әзербайжан суретшілерінің көзімен" атты көрмесіне қатысты
2022 ж. 24 қазан

2022 жылғы 24 қазанда Бас хатшының орынбасары Талғат Адуов пен Комиссия хатшысы Құндыз Рүстембекова Қырғыз Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған "Қырғызстан Әзербайжан суретшілерінің көзімен" атты көрмеге қатысты.

Әзербайжан суретшілер одағының қолдауымен Қырғыз Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған көрме экспозициясына жас суретшілер мен кәсіпқой сүретшілердің 120-дан астам жұмыстары қойылды.

Ашылу салтанаты Қырғыз Республикасының Елшісі Қайрат Осмоналиевтің сөзімен басталды. Екі елдің тарихи-мәдени дәстүрлерінің ортақтығына тоқталған Осмоналиев мырза мұндай жобалар мәдениеттер арасындағы көпір қызметін атқарып, Қырғызстанмен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шараға дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми ортаның өкілдері мен мәдениет қайраткерлері қатысты.